Білім

Министр жауабы: Мектептер жаңа вирусқа байланысты онлайнға көше ме?

Фото: ашық дереккөз

Метапневмовирус кесірінен мектее онлайн оқуға көше ме? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сынақтарға төтеп бере алатынын көрсетті. Бұл 2020 жылғы пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Осыған орай, колледждер мен мектептер қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазіргі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет», – деді министр. «ДДСҰ-ның мәліметінше, бұл вирус бірнеше онжылдықтар бойы таралып келеді. Сондықтан қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Әйтсе де аурудың алдын алу шараларын сақтау маңызды. Біз де осы бағытта әрекет етіп отырмыз. Сондықтан вирустың кең таралу кезеңін бірлесе еңсеруіміз қажет», – деді Т.Дүйсенова.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close