Білім

Абай –ақын, Абай – күйші қазақта

Абай –ақын, Абай – күйші қазақта
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 82 ЖББ мектепте қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайдың табиғат лирикасы» атты сурет сайысы және «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты оқушылар арасында мәнерлеп оқудан жыр мүшәйрәсы өтті.Сурет сайысында ақынның күз, қыс, және жаз мезгілдеріне байланысты көз тартарлық ғажап туындылары орын алды.


Суреттен жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын көріп тұрғандай боласың. Бұл сайыста ерекше көзге түскен «8 б» сынып оқушысы Ким Анель бас жүлдені иеленсе, «7 г » сынып оқушысы Шаолиева Миланаға I- орын бұйырып, II- орынды Буориус Руслана, III-орынды Садыкова Инара қанжығасына байлады. Ал жыр мүшәйрасы өте тартысты және қызықты өтті десекте болады. «Абай – мәңгілік поэзия» айдарында сайыскерлер ақынның өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыса, « Естімеген елде көп» яғни, сұрақ-жауап айдары бойынша ақынның өмірінен тұшымды сұрақтар қойылып, сайыс тартысты өтті.
I-орын иегері « 6 а» сынып оқушы Даутқан Жанель, II-орын «7 а» сынып оқушысы Баймұрат Айым, ал III- орынды «8 А » сынып оқушысы Белялова Бахытгуль иеленді.
Абай –әлемі ұлы қазына. Біз тек ақынның өлеңдерімен, қара сөздерін білеміз. Абай жайлы әр түрлі қызықты деректермен бөліскім келіп отыр. Абай бала күніненде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына шейін ұмытпаған деседі. Абайды ақын, аудармашы, философ,- деп таныймыз. Абай ақын боп сөз жазып қана қоймай, өз өлеңіне өзі ән жазған. Бірақ ақынның күйшілік өнерін көп жұрт біле бермейді екен. Иә, рас қазақтың бас ақыны – Абай күй шығарған. Ақынның «Май түні», «Желдірме» және «Торжорға» атты үш күйі бар. Соның бірі «Торжорға» күйін ұлы Мағауия өзіне арнап жылқы сатып алғанда шығарған.
Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан сарқылмасы анық. Абай туған елін қанша сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық!
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой,- деп ойлаймын. Сол себепті оқудан және ізденуден жалықпайық!

№ 82 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Самидин Тоғжан Берікқызы

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close