Білім

КАЗГЮУ студенттері Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition 2022 ұлттық раунд жеңімпазы болып танылды

КАЗГЮУ студенттері Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition 2022 ұлттық раунд жеңімпаз болып танылды.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Украина және Өзбекстан төрешілерінің шешімі бойынша КАЗГЮУ командасы ойындардың жеңімпазы атанды, ал КАЗГЮУ студенті Магай Мисон Үздік спикер деп танылды.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУстуденттік командасы Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition 2022 ұлттық раундтарында жеңіске жетіп, Қазақстанды халықаралық раундтарда таныстыру құқығына ие болды.

Биылғы жылы Philip C. Jessup International Law Students Association турнирінің (Вашингтон, АҚШ) әкімшісі Ташкент қаласында (Өзбекстан) Орталық Азия елдерінің ұлттық раундтарын ұйымдастырды. Қазақстанда дәстүрлі түрде Халықаралық раундтарға қатысу құқығы үшін халықаралық заңгерлерді даярлау саласында көшбасшы болып табылатын M.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті мен КИМЭП университетінің командалары күреседі. Енді қазақстандық команда турнирдің халықаралық раундтарында өнер көрсететін болады.

Еске салсақ, M.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті 20 жылдан астам уақыт бойы табысты өнер көрсетіп, екі рет әлемнің үздік 50 командасының қатарына енді. Бүгінгі студенттік команда құрамында Абдрахманова Эльмира Амангелдіқызы, Бахыт Аружан Айдарқызы, Қамбеков Заңғар Бақытбекұлы, Магай Мисон Николаевна, Фазылжан Әділ Әлімұлы.

Бапкерлер: Senior Lecturer Көкжалов Рамазан Абайұлы, Senior Lecturer Беркали Мадина Маратқызы.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close