Жаңалықтар
Мұрат Әбенов ұстаздардың «атағы» ақшаға саудаланып жатқанын айтты
Фото: ашық дереккөз
Қоғам қайраткері, еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған Мұрат Әбенов ұстаздарды жалған атаққа құмар болудан тыйылуға шықырды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол алдымен turkystan.kz басылымында жарық көрген мақаладан үзінді келтірді.
Қазір қалтасында көк қағазы не тамыр-танысы барлар қоғамдық ұйым атынан атақ сатып ала алады. Медаль саудасын қыздырып отырған пысықайлар ең алдымен мектептерді жағалағаны есімізде. Бүгінде «Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Алаш ұстазы» 10 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың, ал «Ұлағатты ұстаз» атағы 20 мың теңгеге сатылады. Яғни, нарық заңына қарай ұсыныс бар, сәйкесінше сұраныс та аз болмай тұр, – делінген үзіндіде.
Сөз соңында Мұрат Әбенов бқл дертті тек әрбір азамат өздігіменбас тарту арқылы ғана тоқтатуға болатынын тілге тиек етті.
Менің ойымша азаматтар өзі тоқтату мүмкін – сатып алмаса!
“Ұят қой өтірік атақты пайдаланған” – деп санаған адам өзі алмайды, тақпайды.
Білімсіздеу адамдар бар , бұл шын медаль, мені бағалаған шығар деп сенетін. Бірақ ақшасын төле сосын береміз деген кезде ойлану керек қой, – деді ол.