Жаңалықтар

Вакцинация үшін 5 млрд теңге бөлінеді

800 мыңнан астам балаға қауіпті ауруларға қарсы екпе салынбаған. Яғни осыншама жасөспірім жұқпалы дерттерге шалдығуға бейім. Олқылықтың орнын толтыру үшін қосымша 5 млрд теңге бөлінеді. Оған 747 мың доза вакцина мен 542 мың шприц сатып алынады. Бұл жайлы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Алдағы күндері уақытында екпе алмаған балаларға көкжөтел, дифтерия, гепатит, қызылша секілді жұқпа ауруларға қарсы вакцина егіледі.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close