ЖаңалықтарСаясат

Мұрат Ергешбаев Мәжіліс депутаттығынан кетті

Мәжілістің жалпы отырысында Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты депутаттық мандатынан айырылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оған жаңа қызметінде табыс тіледі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qandastar.kz тілшісі.

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты депутаттық мандатынан айырылды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оның парламенттегі белсенді қызметіне алғыс айтып, жаңа лауазымында сәттілік тіледі. Оның айтуынша, Ергешбаев депутаттармен тығыз жұмыс істеп, маңызды мәселелерді көтерген.

Айта кетейік, 8 мамыр күні мемлекет басшысы Мұрат Ергешбаевты Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button