Жаңалықтар

«Өзін кім санайды, жаман мінезін көрсетті»: Жанкүйерлер Юлия Путинцеваның “US Open 2024” ойыны кезінде жасаған әрекетін сынға алды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева “US Open 2024” кезінде жасаған құрметсіздік әрекетіне жұрт наразылық танытуда. Спортшы ойын кезінде өзіне доп берген бол-герлді елемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде қазақстандық теннисшінің мінез-құлқы қызу талқылануда.

«Оның эмоциясы бақылаудан шығып кеткені анық. Өйткені жай ғана өз жұмысын орындауға тырысып, доп берген жас қызды елемеді. Жасөспірім 16 жастан аспаған да», – деп жазады Marca порталы.

Журналист Пирс Морган:»Юлия Путинцеваның жиіркенішті тәкаппарлығы. Доп лақтырған қыз 3-ші допты оның бетіне лақтыруы керек еді», – деді.

«Путинцева өзін кім санайды? Доп берген қызға жаман мінезін көрсетті», – деді бейнеге US Open чемпионы және Германиядан келген сарапшы Борис Беккер.

«Бол-герлдің қолын төмен түсірмеуі мен өз позициясын ұстауы құрметке ие. Эмоция кез-келген ойыншыда болуы мүмкін. Бірақ бол бұл үшін ешқашан зардап шекпеуі керек. Өйткені бұрынғы ойыншылардың көпшілігі өз уақытында бол болған. Менің ойымша, бұл тікелей «қызыл карта» беруге лайық әрекет”, – деп әзілдеді американдық сарапшы Брэд Гилберт.

Италиялық Жасмин Паолиниге қарсы матч кезінде болған оқиғадан кейін қазақстандық теннисші өзінің бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Бол-герлден өзімді қалай ұстағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам, мәселе онда емес. Менде брейк-пойнт болған ойында жеңіске жетпегенім үшін өзіме қатты ашуландым. Содан кейін қатты күйзеліп, не болып жатқанын және маған допты кім беріп жатқанын да ескермедім», – деді Путинцева.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close