Жаңалықтар

Уақыт белдеуі ауысса, телефоныңыздағы сағатты қалай дұрыстайсыз?

 

Қазақстандық қолданушылардың біразы ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарлама ала бастады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі оларды жаңартуға және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшуге арналған әмбебап нұсқаулықты жариялады.

Хабарлама алмаған азаматтарға уайымдаудың еш қажеті жоқ, бар болғаны құрылғының бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет.

Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, басқа жағдайда оны өзіңіз өзгертуіңіз керек, делінген министрлік хабарламасында.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close