Жаңалықтар

Президент бизнеске кедергі келтіретіндерге қатаң ескерту жасады

Қазақстан басшысы «ұлттық буржуазияны» барынша қолдауға, жөнсіз тексеріс жүргізгендерді қатаң жазалауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бизнеске кедергі келтірген мемлекеттік органдардың жазалануы керек екенін айтты.

«Бизнестің әрі қарай дамуына кедергі жасайтын мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының әрекетін қылмысқа теңейтін уақыт келді. Көптеген мемлекеттегідей осы азаматтарға қатысты заңнамада қатаң шара қарастырып, қылмыстық қудалауға дейін апарған дұрыс», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Әрі қарай ол ұлттық бизнесті барынша қолдау қажет екеніне тоқталды. Алдағы уақытта жөнсіз тексеріс жүргізіп, бақылау ұйымдастыратындардың қатаң түрде жазаланатынын ескертті.

«Бизнестің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге жабылады. Үкіметке заңнамаға өзгеріс енгізуді тапсырамын», – деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялаған болатын.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close