Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Президент Доха форумына қатысты
Фото: Ақорда
Жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» тақырыбына арналды, деп жазды qandastar.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.
Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.