Жаңалықтар
Ресей Қазақстан маңында ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізеді
Жаттығу Оңтүстік әскери округінде өтеді. Аталған аймаққа Астрахань және Волгоград облыстары кіреді.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты, «стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру».
«Оқу-жаттығулар «аумақтық тұтастық пен егемендікті қамтамасыз етумен» байланысты. «Әскери оқу-жаттығу «батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына» жауап болады», – делінген хабарламада.
Алайда нақты қандай мәлімдемелер екені көрсетілмеген.