Жаңалықтар

Ресей Қазақстан маңында ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізеді

 

Жаттығу Оңтүстік әскери округінде өтеді. Аталған аймаққа Астрахань және Волгоград облыстары кіреді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты, «стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру». 

«Оқу-жаттығулар «аумақтық тұтастық пен егемендікті қамтамасыз етумен» байланысты. «Әскери оқу-жаттығу «батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына» жауап болады», — делінген хабарламада.

Алайда нақты қандай мәлімдемелер екені көрсетілмеген.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close