Жаңалықтар

Рудныйда 21 отбасы үйлі болды

Пәтер кілтін алғандар қатарында халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері, көпбалалы отбасылар және балалар үйінің түлектері бар.

Үй ауласында ойын алаңы, автотұрақ салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, кеншілер қаласында жыл аяғына дейін тағы 6 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі. Гүлжазира Ерназарова, қала тұрғыны: – Мен осы қуанышымды 15 жыл күттім.

Көпбалалы анамын. Аллаға мың да бір шүкірлігімді айтамын және де осы жоғарыдағы Қостанай әкімдігіне және Рудныйдың әкімдігіне осы үйді алуға атсалысқан ағаларымызға, баршаға шексіз алғысымды білдіремін. 15 жыл күттім. Өте қуаныштымын. Қалай жеткізерімді білмей тұрмын.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close