Жаңалықтар

Сара Назарбаева ауыр халде, өмірін құтқаруға дәрігерлер дәрменсіз! — ДЕРЕККӨЗ

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы qandastar.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз.

Соңғы уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады.

Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.

Сара Алпысқызының неге көлеңкеде қалғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close