Жаңалықтар
Саран қаласында сатушы әйел қарақшының қолынан қаза тапты
Фото: ашық дереккөз
Желіде Қарағанды облысын Саран қаласындағы дүкендердің бірінде қарақшының сатушыға пышақ сұққаны түсіп қалған видео тарады, деп жазды qandastar.kz
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынның денесі табылған. Бұл оқиға бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.
«Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.