Жаңалықтар
Қазақстандықтарға қай елден көп ақша жіберіледі
Шетелден қазақстандықтарға алты айда 173 миллиард теңге жіберілді. Қаражаттың үштен екісі Ресей мен Кореядан аударылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында шетелден Қазақстанға халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 173 млрд. теңге жіберілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 17,3% көп. Қаржының басым бөлігі Ресейден аударылған: 72 млрд. теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% көп, ал елдің үлесі 48,3% -дан 41,6% -ға дейін төмендеді», – делінген хабарламада. Екінші орында Корей елі – 32,3 млрд. теңгеге дейін 40,3% -ға; Оңтүстік Кореяның үлесі 15,5% -дан 18,6% -ға дейін өсті. Өзбекстан үздік үштік қатарында: 14,9 млрд. теңге – бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,8% -ға көп. Елдің үлесі 6,3% -дан 8,6% -ға дейін өсті.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktarga-kay-elden-kop-aksha-zhiberiledi_a3558690