Жаңалықтар

Шерзаттың әкесі: Әділдік жоқ, Қазақстаннан көшеміз

Фото: ашық дереккөз

ZTB news арнасында Талғардағы трагедияға қатысты жұртты дүр сілкіндірген видео жарияланды. 23 минуттық видеоның тергеу мүддесіне сай толық жарияланбағаны айтылады. Алайда марқұм Шерзаттың әкесінің қолында суық қару бар тұс таспаға тұтас ілігіпті.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов  тараған видеоға өткір реакция білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz журналист Самал Ибраеваның жазбасына сілтеме жасап.

“Бәрін көріп отырмын. Әділетті шешім күткем. Әдейі таратып отыр видеоны. Қандай жағдай болса да айтайын. Мен қан төксем, мені қаралауға болады. Мен қан төккен жоқпын. Менің баламды анасының көзінше өлтіріп отыр. Одан басқа не дәлел керек оларға? Отбасымды қалай қорғауым керек сонда?

Олар бірінші пышақпен келді ғой, мен сонда ручкамен шығуым керек пе? Жатып алып таяқ жеуім керек пе? Енді мен әділдік болады дегенге сенбеймін. Баламнан айырылып, үйімнен айырылып отырғанда, енді келіп осылай жасап жатыр. Амал тек отбасымды аман-есен алып шығып кетуім керек. Қазақстаннан көшеміз”, – деген Шерзаттың әкесі “Ulysmedia”-ға жауабында.

Айта кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Өкінішке қарай Шерзат Болат пышақ жарақатынан көз жұмды.

Жасөспірімді өлтірген күдіктілердің осыған дейін де сотталғандары белгілі болды. Мұнаң соң жәбірленуші тараптың үйі өртеніп, баспанасыз қалды.

Көпшілік бұл қылмысқа “Хутор бандасының”, атап айтқанда Хасан Қасымбаевтың қатысы барын жарыса айтты. Бірақ бүгін Orda.kz журналистіне банданың жетекшісі атанған Хасан сұхбат берді. Ол Талғардағы жағдайға ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартып отыр.

«Руым – Албан. Алматы облысы Кеген ауылында 1984 жылы дүниеге келдім. Әкемнің жұмыстарымен Талғар ауданы Рысқұлов ауылына көшіп келдім. Осы ауылда 11-сыныпты бітірдім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия факультетінде оқыдым. Кейін Қызылорда облысына жұмысқа бардым. 2011 жылы қайта Талғарға келдім. Содан бері кәсіппен айналысамын”, – деді ол.

Хасан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Тіпті, қазір ол ауылда тұрмайтынын айтқан.

“Мен әлгі күнге дейін түсінбеймін, неге олай деп жатқанын. Себебі мен адал жұмыс істеп жүрген адаммын. Адамдар жалғыз мені ғана емес, бауырларымды да қаралап жатыр. Туған ағам Аслан Қасымбаев әкім аппаратында жұмыс істейді. Полицияда, прокуратурада туыстарым жоқ. Ержан деген інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол тақырып мен үшін ауыр, оны қозғамай ақ қойыңыз”, – деген Хасан.

Бұған дейін БАҚ-та ауыл тұрғындары Хасанды  “Хасан бауырымыз осы ауылдың бірлігіне, тірлігіне шапқылайды “ деп ақтағаны жарияланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close