Жаңалықтар
Шымкентте жоқ адамды жұмысқа алып, мемлекет қаржысын жымқырған мектеп басшылары сотталды
Жоқ адамды жұмыспен қамтыдық деп, мемлекет ақшасын жымқырған шымкенттік мектеп басшыларына сот үкімі шықты.
№44 мектептің бұрынғы директор орынбасары мен есепшісі 3 жылдан бері 48 миллион теңгені қалтаға басқан.
«Бухгалтерге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Директордың орынбасарына да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал директорге оларды қадағаламағаны үшін айыппұл салынды. Оған 5 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.