Жаңалықтар

Шымкентте жоқ адамды жұмысқа алып, мемлекет қаржысын жымқырған мектеп басшылары сотталды

 

Жоқ адамды жұмыспен қамтыдық деп, мемлекет ақшасын жымқырған шымкенттік мектеп басшыларына сот үкімі шықты. 

№44 мектептің бұрынғы директор орынбасары мен есепшісі 3 жылдан бері 48 миллион теңгені қалтаға басқан. 

«Бухгалтерге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Директордың орынбасарына да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал директорге оларды қадағаламағаны үшін айыппұл салынды. Оған 5 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close