Жаңалықтар

Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады

ЕуроОдақтың халықты жұмыспен қамту және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Socieux+ сараптама орталығы Қазақстанмен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ.

Socieux+ мамандары Алматы мен Астанадағы үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобаларды мониторинг жасау, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша кеңес берген. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды патронаттық тәрбиелеу жүйесін құруға қатысты тәжірибесімен бөліскен.

«SOCIEUX + соңғы жылдары қазақстандық ұйымдармен, оның ішінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен, Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институтымен ынтымақтастықта жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі кезде бұл Орталық Қазақстанда әлеуметтік қорғауды, еңбекті қорғауды және халықты жұмыспен қамтуды жақсарту саласында  5 жобаны сәтті аяқтады», — деп атап өтті ҚР Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close