Жаңалықтар

Талдықорғанда төбелес болып, бір адам қаза тапты

Талдықорғанда төбелес болып, бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Аталған оқиға туралы Telegram желісіндегі Kris_p_astana арнасынан мәлім болды.

Жазбада жігіттер арасындағы төбелес «Восточный» шағын ауданында болғаны айтылады.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Төбелес кезінде оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алды. Алған жарақатынан ол жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close