Жаңалықтар

Қытаймен шекарада туристер үшін жаяу жүргіншілер бағыты ашылмақ

Қытаймен шекарада туристер үшін жаяу жүргіншілер бағыты ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

«Мемлекет басшысының 2023 жылдың 5 қыркүйектегі Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Нарынқол ауданында туристер үшін жаяу жүргіншілер бағытын ашу үшін өңір әкімдігі өз құзіреті шегінде барлық шараны қабылдады. Қытаймен шекарада 135 гектар жер учаскесі анықталды. Бүгінде Қытай тарапының ұстанымын күтіп отырмыз. Өткізу пунктін ашу шекаралас ауылдардың дамуына серпін береді», – деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, Ойқарағай, Шымбұлақ және тау шаңғысы курорттары арасында аспалы жолдар жүргізу тау кластерін дамытуға оң әсерін береді. Осы орайда қажетті жабдықтардың қымбат болуына және әлемдік тәжірибені ескере отырып, инвесторлардың ірі жобаларға кеткен шығындарын өтеуді 25-тен 70 пайызға дейін арттыру қажет.

«Ойын бизнесіндегі мәселенің бірі – ол лицензияны ұзартуды жеңілдетіп, мерзімін қысқарту. Мәселен, біздегі «Макао» ойынханасы екі айдай жұмыс істеген жоқ. Соның салдарынан 500 адамның уақытша жұмыссыз қалу қаупі болды. Кірісі 330 млн теңгеге кеміді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close