Жаңалықтар

Таразда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар жоқ жылу мен жарыққа ақша төлеп отыр

Фото: видеодан скрин

Таразда “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасымен үйлі болғандар жылу мен жарықты ұмытқан. Олар сыз тартқан пәтерде қалың киініп, жан бағып отыр. Бұл туралы  qandastar.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Иформбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспаналы болды деген аты болмаса 180 пәтерлі үйдің иелері жоқ жылу үшін ақша төлейміз деп шып-пыр болады.

“Әрине, жағымсыз нәрсе. Әлі жылудың ақшасы келеді. Есептеуіш айналып жатыр. Ыстық су жоқ. Сол үшін төлетеді бізге. Соны төлейміз. Жуынып жатқан жоқпыз. Басқа жылуы бар жаққа барамыз. Бұл жақта жоқ”, – дейді тұрғындардың бірі Гүлзира Әбдікеева.

Сыз тартқан үйден дерт тапқандардың да саны артып жатыр.

“Былтыр қыстай үсіп отырдық. Үйдің ішінде пальто, куртка, жүн носки, аяқ-киім киіп жүрдік. Ақша төлегенде “айма-ай осы төле, төле” деп жанымызды шығарады ғой, шіркін! Енді кешелі бері жарыққа ақша төлеп қойғанбыз. Бірақ ол түспейді. Жарық жоқ. Тамақ ашып, пышып іріп жатыр. Кімге керекпіз біз? Ешкімге керек емеспіз біз”, – дейді тұрғындардың бірі Нұржамал Сартаева.

Ал атқарушы билік салынған үйдің сапасыз екенімен келіспейді. десе де үш жыл бұрын берілген үйлердің құбыры тозып кеткен. Олардың айтуынша, жылы су мен жарықты тұрғындардың өздері жасап алу керек. Әлеуметтік осал таптарға берілген бұл көп қабатты үй тұруға жарамсыз қонысқа айналды. Шағым айтқан тұрғындарға жергілікті билік арнайы топ құрып апта соңына дейін жердемдесеміз деп уәде берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close