Жаңалықтар
Тасқынға дайындық: 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті
Фото: ашық дереккөз
Тасқынға дайындық: 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті Нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді, деп жазды qandastar.kz
«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастыруда», – деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.
Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.