Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Тоқаев пен Трамптың саясатында қандай ұқсастық бар?
Фото: kz.kursiv.media
АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінде «алтын ғасыр» орнататынын айтты. Қалың қарашаға уәде еткен жарлықтарға қол қоятынын да жеткізді. Трамптың табандылығы әлемдегі ықпалды саясаткерлердің сан түрлі сыбысында жүр. Қазақстандық политологтар да үнсіз емес. Мәселен, Марат Шибутовтың авторлық «Казахстан и все-все-все»» арнасында мынадай жазба қалдырылған, деп жазады qandastar.kz
«Трамп заң мен тәртіпті қалпына келтіріп, америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді.
Ол наркокартельдерді террористік ұйым ретінде танитынын және олардың іс-әрекетіне тосқауыл қою үшін армияны шекараға жіберетінін мәлімдеді. Тағы да тыныштық турасында түрткен тұстары жетерлік. Бастысы, олар барлығына үлгі көрсетіп отыр» делінген жазбада.
Бұл ретте автор еліміздегі ерекшеліктерді аттап өтпеген. Президент Тоқаевтың саясаты, елдегі тәртіп пен заңға басымдық беру мәселелері айтқан.
«Бұрын барлығы азат болу, тәуелсіз ел болу жайлы көп толғанды. Бірақ бұған заң мен тәртіпсіз қол жеткізу мүмкін еместігіне көптің көзі жетті. Себебі хаос адамды тірідей жұтады және елдің ел болып қалыптасуына кедергі. Бірақ бұл шындыққа тура қарауды ұмытып кетіп жатамыз.
Еліміз шағын, өзгеріске бейім. Президент Тоқаев билікке келгелі де мемлекеттің басты капиталы – адам, сол үшін заң үстем болуы тиістігін алға тартты», – деп түйіндеген ойын автор.