Жаңалықтар

Мен саясаткер де, шенеунік те емеспін, өзімді нақты іспен дәлелдеймін – Головкин

Бүгін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған Геннадий Головкин сайлауға байланысты пікірімен бөлісті.

«Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету – мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым.

Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз ойымды, жоспарымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін.

Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру», – деді Қазақстан ҰОК жаңа басшысы Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы аясында.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close