Қаржы және төлемдер
Түркістандық шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін табиғатты қорғау мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның сыбайластарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz
ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, облыстық Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы директоры И. Бегасилов, оның орынбасары А. Ерназаров, мекеменің заңгері М. Айнабекова және кәсіпкер И. Муслимов бюджет қаражатын заңсыз игергені үшін жауапқа тартылған.
Олар техникалық талаптарға сай келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы мемлекетке 14,9 млн теңге залал келтірген.
Сот шешімі:
И. Бегасилов – 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
А. Ерназаров, М. Айнабекова және И. Муслимов – 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Dalanews.kz жазғандай, сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.