Қаржы және төлемдер
Қандастар бизнес-коуч курсынан өтті
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2021/11/WhatsApp-Image-2021-11-04-at-20.28.59-780x405.jpeg)
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қандастарға қолдау көрсету мақсатында бизнес курсын өткізді. Курсты бизнес-коуч Әсима Серікқызы өткізді. Курс онлайн форматтар бір ай көлемінде созылды. Мұнда еліміздің қандастарына кәсіп бастау, бизнес идеялар, пандемияда ақша табу мәселелері қамтылып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.