Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Айман Түркиядағы сәнді қонақүйде демалып жүр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Айман Түркиядағы демалысынан видео бөлісті. Жұптың шипажайдағы тынығу сәттері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Айман Түркиядағы демалысынан көрініс көрсетті. Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге уақыт өткізіп жатқан сәттерін бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Айманның TikTok парақшасында жарияланған видеода Түркиядағы шипажайдың аумағы көрсетілген. Кадрлардан пальмалармен көмкерілген жасыл алаң, гамактар және қонақүйдің көрікті аумағын көруге болады.

Жұптың демалыстағы жайлы сәттері желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар видеоны тамашалап, Тұрсынбек пен Айманға жылы лебіздерін білдірген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button