Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Мөлдір Мұқанованың қарапайымдылығы көпшілікті тәнті етті

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың үйде қысқа дайындық жасап жүрген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Қарапайым тұрмыстық сәттер көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары оның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығына тәнті болды.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде тараған видеосы арқылы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, дейді Qandastar.kz сайты.

Желіде жарияланған бейнежазбада Мөлдір Мұқанова ас үйде қияр мен қызанақты жуып, қысқа дайындық жұмыстарын жасап жүрген сәті көрсетілген. Бейнежазбада оның ешбір жасандылықсыз, қарапайым тұрмыстық істермен айналысып, жылы жымиып жүргені көпшіліктің назарын аударды.

Желі қолданушылары танымал отбасының мүшесі бола тұра, Мөлдір Мұқанованың қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын жоғары бағалап, пікірлерін жарыса жазды. Олардың айтуынша, ол көпшілікке өзін қарапайым әрі пысық отанасы ретінде көрсете білді.

Қазнет қолданушыларының бірі: «Нағыз қазақы келіннің үлгісі», – деп жазса, енді бірі: «Қарапайымдылығы сүйсіндіреді. Осындай шынайылық әр адамға жарасады», – деген пікір қалдырған.

Аталған бейне әлеуметтік желіде қызу талқыланып, мыңдаған қаралым жинап келеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button