Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Экология министріне бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Қуантыровпен кездесіп, орман қорын қалпына келтіру, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамыту және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу барысында Президент министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды және ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытуды тапсырды.

Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тұйық циклді экономика қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған зауыттар салу, сондай-ақ мұндай жобаларды өзге өңірлерде де жүзеге асырудың келешегі талқыланды.

Бұдан бөлек, экологиялық мәдениетті арттыру және «Таза Қазақстан» бастамасын тиімді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button