Тараз қаласының Ұлы дала шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтерде жиһаз жанған, дейді Qandastar.kz сайты ТЖМ министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Баспалдақ арқылы ғимараттан 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды.
Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмай, төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.



