Жаңалықтар
УЕФА «Қайраттың» тарихи жетістігіне назар аударды

Фото: championsleague
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайраттың» шотландиялық «Селтикті» жеңіп, топтық кезеңге шығуын ерекше атап өтті, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымның ресми сайтындаойынға шолу жарияланып, әлеуметтік желілерінде де алматылықтардың жеңісі туралы жазылды.
«Қайрат» екі матчта да гол соғылмаған ойыннан кейін пенальти сериясында «Селтикті» жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Осылайша алматылық клуб Қазақстан тарихында бұл кезеңге шыққан екінші команда атанды. Бұған дейін 2015/16 маусымында «Астана» топтық кезеңде ойнаған еді», – деп жазды УЕФА.
Ұйымның Instagram парақшасында да «Алматылық «Қайрат» негізгі кезеңге өтті» деген жазба жарияланды.