Жаңалықтар

Алматы облысында резерваттағы өрт әлі сөнген жоқ

Алматы облысы Балқаш ауданындағы қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елді мекендерге қауіп жоқ.

«Су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді. Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды» делінеді ТЖМ хабарламасында.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close