Жаңалықтар
Заң күшіне енді: Коллекторлар енді хабарласпайды

Фото: ашық дереккөз
2026 жылдың 1-ші мамырына дейін “қарызыңызды қайтарыңыз” деп ешкім хабарласпайды. Заң күшіне енді, — деп хабарлайды qandastar.kz.
Елдің қарызы көбейіп кетпеу үшін бірқатар ережелер енгізілді. Бұдан былай:
90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді.
2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың қарызын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынды.
2026 жылғы 1 мамырдан бастап коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап шарттары қатаңдатылады.
2026 жылғы 1 мамырдан бастап, несие алушы берешегін 24 ай кешіктіресе ғана істі коллекторларға беруге болады.
Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады.
Банк омбудсманы пайда болады. (Бұған дейін ол тек ипотекалық шарттарға қатысты дауларды қарайтын). Енді құзіреті кеңейді. Қарыз алушы омбудсмандармен келіскен жағдайда, шешімдерді қаржы ұйымдары орындауға міндетті.
Омбудсмандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкердың өтініштерін қараған кезде кепілге алынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға тыйым салынады.
Сондай-ақ осы санатқа жататын азаматтар бұған дейін міндеттемені орындамағанына байланысты банк балансына өтіп кеткен жалдамалы баспанасын сатып алуға құқылы.
Әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына өсімпұл есептелмейді.
Азаматтардың банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі жеңілдетілді.
Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді.
Алаяқтардың ықпалымен рәсімделгенін дәлелдейтін сот актілері бар берешектер Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап кешіріледі.