Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫ: 35 МЫҢ ВОЛОНТЕР АТСАЛЫСЫП ЖҮР

Елде тасқынмен күрес шараларына 35 мыңға жуық волонтер атсалысып жатыр. Аймақтарда еріктілердің фронт кеңсесі жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, онда күніне 100 шақты қоңырау келіп түседі.

Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялау, оларға керек-жарақ жеткізу, жағалауды бекіту және жұмыскерлерді ыстық тамақпен қамту шараларына жұмылдырылған. Ел аумағында 3 жарым мыңға жуық тонна гуманитарлық жүк жиналды. Еріктілер оларды сұрыптап, таратып жатыр. Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы: — Ақтөбе облысында 8 600 волонтер қызмет көрсетіп жатыр.

Атырау облысында 9 мыңнан астам, БҚО-да 5 мыңға жуық волонтер, Қостанай облысында 3 мыңнан астам және СҚО-да 1600-ден астам волонтер қызмет көрсетіп жатыр. Барлық өңірден келіп түскен қоңыраулар, барлық өтініштерді қажеттілігіне байланысты волонтерлер жергілікті әкімшіліктермен байланыста отырып, мәселені шешуде жұмысы жалғаса береді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close