Әдебиет

Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай халықаралық байқау жарияланады

Фото: ашық дереккөз

Жазушы, этнограф-ғалым  Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына орай   этнографиялық шығармаларға халықаралық  әдеби  байқау  жарияланады. Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі этнографиялық әңгімелер мен өлеңдерге конкурс жариялау арқылы қаламгерлерге қолдау көрсету, деп жазады qandastar.kz

Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры  өткізеді.

     Халықаралық  байқауды өткізу мерзімі:

  • өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 30 тамызына дейін;
  • 2025 жылы қазан айында өтетін Зейнолла Сәніктің  90 жылдығына арналған  салтанатты кеште марапатталады

Байқау  шарттары:

  • Байқауға Қазақстандағы жазушылар мен ақындар, шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды
  • шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
  • шығармалар  қазақ, орыс тілінде қабылданады;

Әңгіме желісінде ұлтымыздың этнографиясы қамтылуы міндетті;

  • жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;
  • қолжазбалар Zeinollasanik@mail.ru электронды поштада қабылданады.
  • байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.
  • байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген еңбектер жеке кітап болып басылып шығады.

 Марапаттау:

Ең үздік деп танылған шығарма авторлары «Зейнолла Сәнік атындағы сыйлықтың иегері » марапаты мен   қаржылай сыйлыққа  ие болады.

Бірінші орын (екеу)  — 1,5 миллион теңгеден.

Екінші орын ( екеу ) — 1 миллион теңге.

Үшінші орын (екеу )- 500 мың теңгеден

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) — 300 мың теңгеден.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close