Жаңалықтар

ЖАЙЫҚ ЖАЙПАП КЕТПЕСЕ ИГІ…

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны бәсеңдер емес. Елек өзенінің тасуына байланысты кеше Бөрлі ауданы Димитров, Қарашығанақ ауылдарынан қариялар мен сырқат жандар, балалар эвакуацияланды.

Ал Ресейдің Орынбор облысында орналасқан Ирек су қоймасынан кешелі-бері Жайыққа рекордтық деңгейде су жіберіліп жатыр. Күндіз дарияға секундына 1600 текше метр су түссе, кешкісін 2150 текше метрге жетті. Бұған дейін ең көп су 1994 жылы жіберілген, бірақ ол кездегі көрсеткіш 1300 текше метрден аспаған. Жаз айларында су қоймасынан өзенге небәрі 15 текше метр су түседі. Орал қалалық әкімдігі Жайықтың жайылмасында орналасқан үйлер мен саяжай тұрғындарына, қазірдің өзінде қауіпсіз жерге көшуді ескертеді. Бөрлі, Теректі, Бәйтерек, Ақжайық аудандарында да, өзен бойындағы елді мекендерге қатер бар, — дейді мамандар. Рауан Құсайынов, «ҚазСуШар» РМК БҚО филиалының директоры: — Сақмар өзені, т.б. өзеннің бәрі Жайыққа құяды.

Бәрі үлкен өзен саналады. Елек, Шыңғырлау өзендері. Қазір Жайықтың өзінің суынан бөлек, Жайыққа құятын өзендердің тасқын сулары келіп жатыр. РФ Орынбор облысында Елек өзені бойында үлкен тасқын су өтіп жатыр. Иректен Оралға жету мерзімі шамамен 20-25 күн.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close