Жаңалықтар

Жамбыл облысында жеңіл автокөлік танкімен соқтығысты

Фото: видеодан алынған кадр

Желіде Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде «Танкке жол бер» белгісі қойылған, – делінген хабарламада.

Ведомство көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, ешқандай шағымы жоқ екенін, өзін ауруханаға жатқызудан бас тартқанын хабарлады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close