Жаңалықтар

Жанар Айжанова: Әйелді ашсам алақанда, жұмсам жұдырығымда ұстаймын деу қате

Фото: Ғаламтор беттерінен


Танымал әнші, айтыскер Жанар Айжанова «Түнгі студия» шоуының қонағы болып, үйленген ер азаматтарға қатысты бірқатар сөз айтты.

Оның айтуынша, әр отбасындағы ердің рөлі ерекше. Азамат– отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Ал бүгінде жастар осы қағиданы ұстанбай, отбасындағы рөлі төмендеп келеді.

– Ең бастысы осы отбасының асыраушысы менмін. Барлық мәселені шешуге дайынмын. Әйелім жеке меншік нәрсем емес, ол ұрпағымды жалғастыратын, өмірлік серігім деп қараса дұрыс. Қазір қыз-келіншектердің артына жасырылған қате,– дейді Жанар Айжанова өз сөзінде.

Сондай-ақ, ол Қазақстан мен басқа мұсылман елдерді салыстырды. Басты айырмашылық: ол жақта әйел адам қайтыс болса, оның балаларына әлеуметтік төйлемдер қарастырылмаған. Ал егер ер адаммен бір жағдай болса, мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Себебі- ол отбасы асыраушысы.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close