Жаңалықтар

Нұрлан Есенғазы: «Әлем медицинасы 85 жылы тыйым салған жөргекті біз әлі қолданып жүрміз»

Жөргектің нәресте денсаулығына өте зиян екенін бәрі біледі. Оның құрамындағы «суперадсорбент», «полиакрилатнатрий», «трибутилен» деген у түрлерін химияны оқыған әрбір бала біледі. Жөргектің негізгі қабаты жұқа пластикадан тұрады. Сырты «суперадсорбентамен» қапталған. Сұйықты сорып алып, «жоқ қылатын» құрал осы. Бұның құрамында «полиакрилатнатрий» бар. Бұл затты 1985 жылдан бастап, медицина саласында қолдануға әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған. Әсіресе, сәбидің жыныс мүшесін болашақта белсіздікке ұшырататын зат – «трибутилен» дейтін пәле. Бұл химикат адамның иммундық қабілетін орасан әлсіретеді.
Соңғы жылдары мектеп жасындағы оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасын жиі қайталануының дендеп кетуінің бір ұшы памперстің кесапатында жатыр. Себебіне үңілсек: «памперс» киіп ержеткен бала қай кезде, қай жерде, қандай күйде болғанына қарамастан(ұйықтап жатып та) дәретінке отырып қояды. Өйткені, ол балада дәретін уақыт пен орынға қарай реттеп, ұстап жүру қабілеті жойылған. Яғни, рефлекс әлсіз немесе қалыптаспай қалған. Сәби кезінде орнықпай қалған рефлекстің зардабын есейгенде тартпақ. Қысқасы, «памперстің» салдарынан дәрет сындыру рефлексі жойылып, «Энурез», яғни шыжың дертіне ұшыраған жасөспірім ақыры өзін-өзі мерт етіп тынады. Шыжың дерті балабақшаны қойып, мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында да көптеп кездеседі. Әрі жыл сайын көбейу үстінде. Дәретіне ие болмаудың ақыры қасіретті жағдайға әкеліп соғады. Ондай жағдайға ұшыраған баланың ішкі күйзелісін әдетте әркім түсіне бермейді.
Соңғы 25 жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі бедеулік пен белсіздіктің әсері деп жүр. Себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады екен. Алла тағаланың жаратуы бойынша, ұл баланың мүшесінің ұшы мен ен қалтасының қалыпты температурасы болады. Жас бала памперске кіші дәретті жіберген кезде дене температурасы бірден жоғарылайды. Аздан кейін памперске сіңген зәр қайтадан суиды. Сөйтіп, қысқа аралықта бір күйден екінші күйге алмасқан температура аталық бездің дамуын тежейді. Демек, табиғи қуатын жойып жібереді. Бұндай жағдай қыз балаға да кері әсер етеді. Осыдан барып белсіздік пен бедеулік ауруына ұшырайды. Бұл – ұлтқа төнген үлкен қауіп. Халықты өсіретін де, өшіретін де – әйел! Қазіргі жас келіншектердің өз жанын аялап, жалқауланып, баласын бесікке бөлемей, памперс кигізуі қазақ халқын «өшіріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан ері бар, әйелі бар «ұрпағым болса екен» деген әрбір қазақ қатты ойланулары керек.

Нұрлан Есенғазы

ФБ парақшасынан

 

 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close