Жаңалықтар

Жылан уына қарсы дәрі шығады

Ғалымдар жылан шаққан кезде бөлінетін улы токсинді жоятын әмбебап антидене жасауға кірісті. Жалпы жылан уының құрамы өте күрделі, ол ақуыз, ферменттер мен пептидтер жиынтығынан тұрады.

Бұл зат әр жыланда әртүрлі және бұлшықеттің тартылуы, қан ұйып қалуы, жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты қауіпті зардаптарға әкеп соғады. Сол себепті, удың әртүрлі болуы одан қорғанатын дәрінің де құрамына әсер етеді.

Ғалымдар ойлап тапқан антидене  95Mat5 деген атау алды. Ол қара мамба, корольдік кобра сияқты жыландар шаққан тышқандарға қолданылды. Препарат Африка, Азия және Австралияда кездесетін жыландардың уын жоюға қауқарлы.

Ғалымдар инновациялық тәсілді қолданып, күрделі зертттеулер жүргізді. Бұл әзірлеме басқа да жануарлар уына қарсы әмбебап дәрі-дәрмек табуға жол ашып отыр.

Жыл сайын дүние жүзінде жылан шаққаннан 100 мың адам өлімі тіркеледі. Біздің елімізде де жылан уынан мерт болу оқиғалары болғанын білеміз.

Зерттеу Science Translational Medicine журналында жарияланды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close