Жаңалықтар

11 ӨҢІРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

11 өңірде өңірлік психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл орталықтар қиындыққа тап болған балаларға кәсіби көмек көрсетеді. Сондай-ақ олардың ата-аналарына қолдау мен кеңес береді.

Онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да осындай орталықтар ашылмақ. Президент тапсырмасына сәйкес министрлік педагог-психологтардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close