Жаңалықтар

«500 тонна пияз шіріп жатыр»

 

Желіде қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Шенгелді ауылындағы егіс өнімдерін көрсеткен видеосы пайда болды. Мұнда ол пияз, соя, жүгерілердің қалай тонналап шіріп, қоқысқа кетіп жатқанын жеткізген. Белсенді одан бөлек, шаруашылық техникаларының жетіспеушілігін айтып, еліміздің Ауыл шаруашылық министрлігіне үндеу жолдады.

Санжар Боқаевтың айтуынша, бұл ауылдағы егіс шаруаларының жағдайы хал үстінде тұр. 

Енді қараңыздар, мына жерде 500 тонна пияз. Пияздары керемет. 15-20 теңгеден береді. Егер бұлар сатылмаса, босқа қоқысқа тасталады. Бір ғана ауылда 500 тонна пияз шіріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі қайдасыздар, әдемі есептеріңіз қайда? Қайда қарап отырсыздар? Бұл деген үлкен мәселесі емес пе? Шынымен шіріп жатыр. Сіздер дүкендердегі пияздың бағасын білесіздер ме?” – деді белсенді.  

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close