Жаңалықтар

«660 мыңнан астам қазақстандық ақша жолдаған»: Емге деп ақша жинап, қаржыны бәс тігуге жұмсаған

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жалпы жиналған қаржы сомасы – 6 миллиард теңге. Оның 33%-нің (2 миллиард) алаяқтық белгілері бар. 

Қаржылық мониторинг агенттігі басшысы Дмитрий Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық және көмек көрсету мақсатында қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті. 

«Қаскөйлер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, жалған мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», — деді Малахов.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close