Жаңалықтар
Абай облысы: Емделушілерге мерзімі өткен препараттар салынған
Фото: ашық дереккөз
Абай облысы, Мақаншы аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесінде бірқатар заңбұзушылықты анықтады, – деп хабарлады qandastar.kz.
Тексеру барысында дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар науқастарға ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен «Кетам» наркоздық препаратын қолдану фактілері анықталды.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы) бойынша тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.