Жаңалықтар

«Суррогат анна»: Ел Баян Мақсатқызының үшінші рет ана атанғанын талқылап жатыр

Фото: @bayanmaxatkyzy

Продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек желіге жазба жариялап, анасының қуанышын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Сіңлім екеуміздің арамыз – 28 жас. Біз сені күттік. Біздің көңілді отбасыға қош келдің! Мен әлі босанбадым. Жұрт мені босанды деп ойлап қалыпты. Бұл біздің қызымыз емес, мама мен Тұрсен ағаның қызы», – деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары «суррогат ананың» туып бергенін болжап жатыр.

«Қызы Айсәуле туды ма деп ойлап қалдым», «50 жастағы ананың босануы мүмкін емес», «Суррогат ана туып берген сияқты», «Күні кеше ғана сұхбат берді, ол кезде ешқандай іші білінген жоқ», «Әрі жас әже, әрі жас ана болып отыр», «Қызымен жарысып туды деген осы», – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close