Жаңалықтар

Министрлік колледж студенттеріне қуанышты жаңалықты жеткізді

Фото: depositphotos.com

Жаңа оқу жылында қазақстандық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсіріліп жатыр. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50 пайызға артады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсіп жатыр. Бүгінде 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңарып жатыр. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close