Жаңалықтар

«Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» жобасы іске асады

Маңғыстауда  Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» жобасы іске асады. Жоба аясында жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған зияткерлік, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, – деп хабарлайды «Жеті жұрт» ҚБ баспасөз қызметі.

Жобаны «Жеті жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен орындайды.

Жоба жетекшісі Гүлназ Баймурзаеваның айтуынша, негізгі мақсат – жастар арасында ұлттық ойындарды ұйымдастыру тәртібін жүйелеп, жастардың бос уақытын тиімді өткізу. Ұлттық бірегейлікті сақтау, аймақтағы зиялы қауым өкілдерімен бірге жастар арасында кешенді ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру.

– Жобаға Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған мектептеріндегі оқушылар, студенттер қатыса алады. Жоба барысында 9-10-11-сынып оқушылары арасында классикалық жекелей тоғызқұмалақтан ашық чемпионат біріншілігі және «Аsyq Battle» ашық чемпионаты өтеді. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында дәстүрлі садақ атудан ашық турнир өткізіледі,. Бұдан бөлек ұлттық аспапты көпке насихаттау бағытында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 5 мәдени кеш ұйымдастырылады, – дейді жоба жетекшісі Гүлназ Баймурзаева.

Сонымен қатар өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің қатысумен алқалы кеңес отырысын өткізу жоспарланып отыр. Аталған жоба қараша айына дейін жалғасады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close