Жаңалықтар
«Алғашқы некедегі күйеуіммен 11 жылдан соң ажырастық». Жанна Уразбахова жеке өмірі туралы алғаш рет айтты
Фото: видеодан кадр
Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Уразбахова «Мамский әңгіме» youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы алғаш рет айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kzтілшісі.
Оның айтуынша, алғашқы некедегі күйеуінен екі баласы бар.
«Үш балам бар. Мұны алғаш рет осы сұхбатта айтып отырмын. Алғашқы некедегі күйеуіммен ешқандай айқай-шусыз ажырастық. Екеуміз бірге 11 жыл өмір сүріппіз. Біздің көзқарасымыз екі түрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Балаларымның бізді үнемі шаршаңқы, ештеңеге көңілі толмайтын, бақытсыз, ұрысқақ түрде көргенін қаламадым. Отырып екеуміз сөйлестік, сотқа бардық. Сол кезде судьяның «ажырасудың себебі не» деп сұрағаны есімде. «Біз әрі қарай бірге өмір сүре алмаймыз. Ажырасқымыз келеді» дедім. Сосын ажырастық, дүние мүлікті бөліп алдық. Бірақ бір нәрсеге келісіп алдық, «ерлі-зайыптылық өмірді доғарғанымызбен ата-ана болу міндетіміз жалғасады» дедік. Балалар әкелерін қатты жақсы көреді, алып кетіп ойнатады, бірге уақыт өткізеді. Оның әпкесі менің ең жақын құрбым. Біз әлі күнге дейін бірге саяхаттап тұрамыз. Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынас деп ойлаймын», – деді ол.
Жанна Уразбахова қазіргі жолдасын балалары да қатты жақсы көретінін айтты.
«Одан кейін мен тұрмысқа шықтым. Үшінші сәбиім дүниеге келді. Күйеуіммен құрбым ұйымдастырған мерекелік шарада таныстық. Бізде нағыз махаббат деп айтар едім. Балаларым күйеуімді досындай көреді. Күйеуім өте жомарт. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға әзір. Сол үшін үнемі «сараң жігітке тұрмысқа шықпаңдар» деп жиі айтамын. Ең бастысы ажырасудан кейін өмір тоқтап қалмайды», – деді ол.